Алматы ЖИТС орталығының дәрігерлері қаладағы екі теміржол вокзалының қызметкерлеріне ВИЧ инфекциясына жедел тестілеу акциясын өткізді.
Медицина қызметкерлері вирустың таралу жолдары мен вирустан қорғану шаралары туралы айтты. Жұмыс орнындағы дәріс оқулар қарқынды өтті, ақпарат қысқа және қолжетімді тілде ұсынылды.
Теміржолшылар АИТВ-инфекциясының қалай таралмайтыны, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің қауіптілігі және антиретровирустық терапияның қаншалықты тиімді екендігі туралы білім алды. Неліктен бұл сән трендіне айналуы керек? АИТВ-статусыңызды білу, ең алдымен, өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараудың көрінісі.