ҚР Мемлекеттік әнұранын орындау бойынша ақция
Төртінші маусым күні Алматы қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау жөніндегі республикалық акцияға қосылды.
Ұжым орталықтың конференц-залына жиналып, оң қолын жүрек тұсына қойып, мемлекеттік әнұранды орындады.
Төртінші маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Өткізілген акцияның мақсаты-отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну.