АИТВ-ң алдын алу білімнен басталады


АИТВ-ң алдын алу білімнен басталады

Жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтетін Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күні қарсаңында Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері жастар арасында ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда.

17 қараша күні ЖИТС орталығының мамандары Алматы технологиялық колледжінің білімгерлері үшін дәріс оқыды. Кездесуге 80 жуық жастар қатысты. Іс-шара барысында олар АИТВ берілу жолдары, инфекцияның алдын алудың және қорғанудың заманауи әдістері туралы білді. Мамандар шынайы ақпаратты таратуға, жалған ақпаратты жоққа шығаруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ерекше назар бөлді.

АИТВ-ға тұрақты тестілеудің маңыздылығы жеке талқыланды, себебі инфекцияны дер кезінде анықтау адамға мүмкіндігінше ерте емдеуді бастауға және өмір сүру сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Бүгінде АИТВ - үкім емес: қазіргі заманғы антиретровирустық терапияның арқасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды өмір сүріп, отбасын құрып, болашаққа жоспар жасай алады.

Профилактика хабардар болудан, саналы таңдаудан және бір-біріне мұқият қараудан басталады.

#АИТВпрофилактикасы #стопАИТВkz #АлматыЖИТСорталығы

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы