АИТВ-ның алдын алу туралы дәріс


АИТВ-ның алдын алу туралы дәріс

16 сәуір күні №72 мекеме қызметкерлері дәріс тыңдап, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша сұрақтарға жауап алды.

16 сәуір күні №72 мекеме қызметкерлері дәріс тыңдап, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша сұрақтарға жауап алды. Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы А.Перваева АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғану шаралары, сондай-ақ мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді. - Бүгінгі маман білуге тиіс маңызды білім - ол вирусты зертханалық диагностикалау әдістері және төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмі деп атап өтті лектор. Іс-шараға қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және бұл құбылыстардың АИТВ жағдайына қалай теріс әсер ететіні туралы ақпарат алды. #АлматыЖИТСорталығы #стопАИТВkz
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы