Бұл туралы әрбір адам білуі керек


Бұл туралы әрбір адам білуі керек

Алматы қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері 8 сәуір күні Республикалық қан орталығында семинар өткізді.

АИТВ-ның алдын-алу туралы білім бүгінде әр адамға, әрине, дәрігерге де қатысты. Семинарда АИТВ-ның берілу жолдары, АИТВ-дан қорғау әдістері және т. б. айтылды. Қатысушылар медициналық ұйымда АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен қаланың ҚДБ-ның регламенттеуші құжаттарын егжей-тегжейлі зерделеді. Инфекция ағымының клиникалық ерекшеліктері, диагностика әдістері тәрізді маңызды тақырыптар талқыланды. Экспресс-тестілеу техникасына ерекше назар аударылды. Жаттықтырушылар тестке дейінгі және тесттен кейінгі психоәлеуметтік кеңес беру, оның маңыздылығы мен өзектілігі туралы айтты. Неліктен АИТВ-мен ауыратын науқастарды емдеуде этика мен деонтологияны сақтау керек, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу қажет? Осы және басқа сұрақтарға аудитория толық жауап алды. #центрСПИДАлматы #стопВИЧkz
FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы