Бірінші жартыжылдықтағы бірлескен жұмыстың қорытындысын ,Алматы ЖИТС орталығы мен психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері, сондай-ақ сенім пункттерінің мамандары қорытындылады.
Кездесуге қатысушылар өзара іс-қимылдың негізгі көрсеткіштерімен танысып, бірлескен қызметтің нәтижелерін талдап, ерекше назар аударуды қажет ететін проблемалық мәселелерді талқылады.
2026 жылы Алматыда ҮЕҰ үшін халықтың негізгі топтары арасында, АИТВ-инфекциясын алдын алуды жүргізуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлінгені атап өтілді.
ҮЕҰ үшін техникалық ерекшелікке, АИТВ-ға тестілеумен қамту және оң жағдайларды анықтау бойынша индикатор енгізілген. ЖИТС орталығының профилактикалық жұмыс бөлімі ай сайын осы көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізеді және іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін талдайды. Кездесуге қатысушылар наркологиялық қызметте есепте тұрған, инъекциялық есірткі қолданатын адамдарды(ИЕҚА) АИТВ-ға тестілеумен қамту бойынша жұмысты күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды.
Тағы бір маңызды міндет - ауруханаға түскен кезде, ИЕҚА-дың АИТВ-ға 100 пайыздық тексеруін қамтамасыз ету. Бұл инфекцияны уақтылы анықтауға, емдеуді тағайындауға және АИТВ-ның одан әрі таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін наркологиялық қызметтің медицина қызметкерлерін дәлелді кеңес беру дағдыларына оқытуды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Бұл тәсіл пациенттердің тексеруге, емдеуге және одан әрі медициналық бақылауға деген ұмтылысын арттыруға көмектеседі.

