Қазақстанда зейнетақыны қалыптастырудың жаңа


Қазақстанда зейнетақыны қалыптастырудың жаңа ережелері қарастырылуда. Бұл туралы Алматы қаласы ЖИТС орталығының қызметкерлеріне БҰЗҚ АҚ маманы Әсел Дәулетбақова 17 шілдеде өткен кездесуде айтты.

Өздеріңіз білетіндей, 2026 жылғы 18 шілдеден бастап Қазақстанда зейнетақы тағайындау қағидаларына өзгерістер күшіне енеді.

Жаңа ережелер зейнетақыны көбейтпейді немесе азайтпайды. Негізгі өзгерістер құжаттарды ресімдеу рәсіміне, өтілін растауға, өтініштерді қарау мерзімдеріне және төлемдерді есептеудің техникалық тәртібіне қатысты.

Қазірдің өзінде зейнетақы алатын қазақстандықтардың көпшілігі бұл өзгерістерді байқамайды. Бірақ, 18 шілдеден кейін ғана зейнетақы төлемдерін жасағысы келетіндер жаңа мерзімдерді, құжаттарға қойылатын талаптарды және еңбек өтілін растау тәртібін ескеруі керек.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы