лматы қ.ЖИТС алдын алу және оған


Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында 19 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша семинар өтті.

Іс-шараға қатысушылар - орталықтың медицина қызметкерлері. Оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен комплаенс-офицер Анарбаева Шынар таныстырды. Ол сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына қарсы тұруға немесе оны мемлекет пен қоғамда бейтараптандыруға бағытталған заңнамалық актілерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Спикер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі деп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және ұйымның корпоративтік мәдениетін жақсартуға бағытталған шаралар мен бақылау рәсімдерінің тізбесі түсінілетінін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өзінің кәсіби қызметіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады. Әрбір қызметкердің өзі үшін де, тұтастай алғанда ұйым үшін де, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарын түсінуі маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл корпоративтік құндылықтардың бір бөлігіне айналуы және күн сайын барлық деңгейде қолдау көрсетілуі тиіс.

Семинар соңында сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті.

FaLang translation system by Faboba
Посмотреть на карте Алматы