Новости

Новости



Пройдите тестирование на ВИЧ! Смотреть видео на Facebook



Медицина қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулық

Сапалы және қауіпсіз медициналық көмектің маңызды шарты медицина қызметкерінің кәсібилігі ғана емес, сонымен қатар оның заңнаманы сақтау, медициналық құжаттаманың дұрыстығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін жеке жауапкершілігі болып табылады.

В рамках этой работы в рамках семинара под названием "Точность медицинской документации медицинского работника, использование личного печатного штампа и предотвращение нарушений коррупции" состоялось 2 сентября в Центре ZIT в Алматы.

Іс-шараның негізгі мақсаты-медицина қызметкерлерінің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық деңгейін арттыру, қабылданған шешімдер мен ресімделетін құжаттар үшін әрбір маманның дербес жауапкершілігіне ерекше назар аудару.

Семинар барысында, Шынар Анарбаева - комплаенс-офицер қатысушылармен медициналық құжаттаманы жүргізуге қойылатын талаптарды, дұрыс емес мәліметтерді енгізгені үшін жауапкершілікті, сондай-ақ ,медицина қызметкерінің жеке мөрін пайдалану қағидаларын талқылады.

Жеке блок денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналды. Медицина қызметкерлеріне қандай іс-әрекеттерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болуы мүмкін, қандай жағдайларда аса сақ болу қажет және неліктен адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын сақтау әрбір қызметкердің міндеті болып табылатыны түсіндірілді.



Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізе бастау туралы хабарлама

Алматы қаласы ҚДБ «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК, Директордың 2026 жылғы 1 қыркүйектегі №68-н бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 05 қыркүйек – 04 қазан аралығында келесі бағыттар бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы жүргізілетіні туралы хабарлайды:

- Орталықтың мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау;

- Орталықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау;

- Орталық қызметкерлерін басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау;

- Орталықтың мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау.

Жоспарланған іс-шара бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер 05.09.2026 ж. дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық почтасына, Анарбаева Шынар Асылбековна - комплаенс-офицер, тел.: 8-707-105-52-66 бойынша немесе Алматы қаласы, Бәсенов көш., 2, 4-ші корпус, 2 қабат, №39 кабинетте қабылданады.



31 тамызда, Алматы қаласы ЖИТС орталығында, медицина қызметкерлеріне арналған артық дозалану туралы халықаралық хабардар ету күніне тренинг өтті. Тренингті "Реванш" қоғамдық қорының қызметкерлері өткізді.

"Артық дозалану — бұл үкім шығаруға себеп емес, бұл адамға уақтылы көмекке мұқтаж төтенше жағдай" - бұл іс-шараның негізгі хабары.

Спикерлер халықаралық артық дозаланғанда хабардар болу күні және осы күндері өткізіліп жатқан "Бос орын" ақпараттық - насихаттау науқаны туралы айтты.

Науқанның маңызды тақырыбы-налоксон.

Бұл дозаланғанда өмірді сақтаудың ең тиімді құралдарының бірі. Ол опиоидтардың әсерін блоктайды және уақтылы қолданған кезде жедел жәрдем келгенге дейін адамның тыныс алуын қалпына келтіре алады. Налоксон өмірді сақтай алатын жерде болуы керек.

#орталықЖИТСАлматы



«Құрылтай – 2026»: 23 тамыз – ел тарихындағы маңызды күн



23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай сайлауы өтеді

Бұл – әрбір азаматқа ел өміріне белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси оқиға.

Әр дауыс маңызды. Белсенді азаматтық ұстаным қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал етеді.

Еліміздің болашағы – әрқайсымыздың қабылдаған шешімімізге байланысты.

Дереккөзге сілтеме



Денсаулық сақтаудың интелектуалдық платформасы

Facebook желісінен көре аласыз



Елімізде Құрылтайға алғашқы сайлау алдында үгіт жалғасуда. Науқан елдің барлық аймақтарын қамтыды. Партия өкілдері сайлаушыларға шығып, кездесулер өткізіп, өз бағдарламаларын таныстырады.

30 шілдеде Алматы қаласы ЖИТС орталығында Бостандық аудандық "Әділет" партиясының сайлауалды штабы мүшелермен кездесу өтті.

Кездесуге қатысушылар алдында" Әділет " партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы – Сәден Тынышқали Төреғалиұлы сөз сөйледі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы -Ахатов Уәлихан Ақыпбекұлы, "PROFEXSPERT" компаниясының бас директоры, Алматы қаласы бойынша "Тоғызқұмалақ" федерациясының президенті – Қалиоллаев Руслан Қалиоллаұлы, директорлар кеңесінің мүшесі, "Алматы ӘКК" АҚ басқарма төрағасы – Байдурин Марат Серікұлы.

Спикерлер медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Алматы ЖИТС орталығында сенбілік өтті

25 шілдеде Алматы ЖИТС орталығында қызметкерлердің қатысуымен сенбілік өтті. Іс-шара барысында 1200 шаршы метр аумақ ретке келтірілді. Енді мекеме айналасы таза әрі көрікті бола түсті!


23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай сайлауы өтеді

Бұл – әрбір азаматқа ел өміріне белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси оқиға.

Әр дауыс маңызды. Белсенді азаматтық ұстаным қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал етеді.

Еліміздің болашағы – әрқайсымыздың қабылдаған шешімімізге байланысты.

Дереккөзге сілтеме

Посмотреть на карте Алматы