Новости

Новости



Медицина және ҮЕҰ қызметкерлерінің білімгерлермен кездесу

Алматыда медицина және ҮЕҰ қызметкерлерінің білімгерлермен кездесу 2023 жылдың 3 қарашасында Алматы қаласы ЖИТС орталығының және AFEW Kazakhstan медицина қызметкерлерінің Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде география факультетінің студенттерімен кездесуі өтті.



Алматы қаласы ҚДБ «Житс алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» медицина қызметкерлеріне арналған шебер-класс

Шебер-класты 12 қазанда Колумбия университетінің Мейлман Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің әлеуметтік-денсаулық ғылымдары департаментінен келген Тара Маккриммон, МРН, MIA өткізді.

Қалалық психикалық денсаулық орталығындағы Семинар

2023 жылдың 2 қазанында Психикалық денсаулық орталығында орта буын медицина қызметкерлеріне арналған семинарда Алматы қаласы ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Н.Малюгина және зертханашы-дәрігер К.Бекболатова баяндама жасады.

Достық кабинеттерінің қызметкерлері үшін кеңес

26 қыркүйекте Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Достық кабинеттерінің қызметкерлері үшін кеңес өтті.

МСАК емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін семинар–кеңес ұйымдастырылды

13-14 қыркүйекте Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары бас дәрігерлердің МСАК емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін семинар–кеңес ұйымдастырды.

"QGIS-ке кіріспе" курсы бойынша оқыту

Дүниежүзілік қолданбалы эпидемиология күні қарсаңында Алматы қаласының ЖИТС орталығының қызметкерлері ZOOM форматында QGIS (Geographic Information Systems) бағдарламасында Central Asia advanced FETP, СDС қолданбалы эпидемиология бойынша озық бағдарламаның арқасында түрлі аурулардың таралу карталарын жасауды үйренуді жалғастыруда.

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Еліміздің Негізгі Ата Заңының қабылдануы - Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасауы.

2023 жылғы 29 тамыз күні - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында «Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» қала тұрғындарын Ашық есік күніне шақырды.

Таңертеңнен бастп қатысушыларды медицина қызметкерлері мен еріктілер күтіп алды. Әрбір алматылық үшін іс-шара пайдалы болды. 112 адам АИТВ-на тестілеуден өтті.

Ашық есік күні Алматы қ. ЖИТС орталығында, Басенов 2, 4 корпус мекен жайында

29 тамызда сағат 10.00-де ҚР Конституциясы күніне орай Ашық есік күні өтеді


АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша дәрігерлердің консультациялары өткізілетін болады:

✅ инфекционист, дерматовенеролог, педиатр,
✅психоәлеуметтік кеңес беру,
✅ АИТВ-инфекциясы туралы хабардар ету және АИТВ-ға тестілеу жүргізіледі.
#деньКонституцииРК #ЦентрСПИДАлматы

18 тамызда Алматы қаласындағы ЖИТС орталығында диспансерлік бөлім дәрігерлеріне арналған семинар – тренинг өтті.

ТІс-шараның тақырыбы өзекті - «АИТВ-инфекциясының асқынған түріне шалдыққан адамдарға көмектесу».

Посмотреть на карте Алматы