Баспасөз релизі 22.09.17


      АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Алматы да 70% астамы антиретровирустық терапия қабылдайды 
      Алматылық медиктер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды антиретровирустық терапиямен қамтуды 74% дейін артырды. 
      Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде ЖИТС-ті алдын алудың және АИТВ-позитивті адамдардың денсаулығын сақтап қалудың бір ғана жолы АРТ. Отыз жылдың ішінде АИТВ өлімге әкелетін қауыпті дерттен созылмалы түрге өтті, антиретровирустық терапияның арқасында ауырудың дамуын қадағалауға болатындығын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мойындады. 
      Жүргізілген зерттеулер АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда антиретровирустық терапияны ертерек бастау, оппортунистік инфекция ауруларын және өлім көрсеткіштерін төмендететіндігін анық көрсетті. Қазіргі уақытта ДДҰ эксперттері АРТ-ны, СД4 клеткаларының санына және ауырудың клиникалық кезеңіне қарамастан бастауды ұсынып отыр, сонымен қатар барлық АИТВ-сы бар жүкті әйелдергеде. 
      АИТВ-позитивті адамдарға препараттарды сатып алу қажет емес, оны олар ЖИТС Орталығынан тегін алады. Сонымен қатар, бірнеше жыл бұрын күніне 4-6 таблетка ішу керек болған, ол кейбір қиыншылықтарға әкелген болса, ал қазір бір немесе екі таблеткамен шектелуге болады. Бүгінде Орталықтағы пациенттердің көпшілігі жаңа схемамен емделуде. Заманауи препараттарға біртіндеп ауыстырылуда. Егер, 2013 жылға дейін науқастардың көпшілігі зидовудин препаратын қолданса, соңғы кезде оларға әлде қайда тиімді – абакавир және тенофовир берілуде. 
     «Кейбір науқастар АРТ-препараттарын қолданудан қорқады, олардың жағымсыз әсерлері бар деп ойлайды, ал соңғы шыққан дәрілер оны теріске шығаруда. Құттқару терапиясының арқасында біздің пациентерде вирустық жүктеме төмендеуде, нәтижесінде ауыру өршуін тоқтатады» – дейді , Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Талғат Бапиев. 
      Бүгінде, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында, денсаулықты және өмір сүру сапасын жақсартуда АРТ ең басты болып табылатынын насихаттау керек екеніне медиктер сенімді. Бұл сонымен қатар вирустың басқа адамдарға жұғу мүмкіндігін төмендетеді. 
      Алматы қ-сы ЖИТС Орталығының баспасөз қызметі контакт Марина Максимова 87772254601